7.07.2020, 9:16
Оқылды: 167

БҚО-да 6 жасар бала мен жасөспірім суға кетті

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиғалардың бірі 6 шілде күні сағат 20.30-да Рыбцех ауылында болды. Шаған өзенінің шомылуға жабдықталмаған тұсына 6 жасар ер бала батып кеткен.

BA24FF90-8383-4260-80DF-0AB666E03C4F

Оқиға орнына жедел құтқару жасағы (4 қызметкер, 1 техника, 1 жүзу құралы) барды. Баланың мүрдесін сағат 21.04-те туысқандары шығарып алған.

 Екінші оқиға осы күні Орал қаласына қарасты Желаев кентінде болды. «Орыс моншасы» ауданында сағат 21.30-да 16 жастағы жасөспірім жасанды су қоймасынан шықпай қалды. Досымен бірге болған ол да жабдықталмаған жерде шомылған. Марқұмның денесін бір сағатқа жуық уақытта жергілікті тұрғындар судан шығарды. Құтқарушылар мен полиция қызметкерлері оқиға орнында болды. Батыс Қазақстанда соңғы күндері аптап ыстық болғандықтан суға түсушілер де көбейді. Алайда сақтықты ұмытуға, әсіресе балаларды қараусыз қалдыруға болмайды.

Қазақпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале