26.04.2017, 14:00
Оқылды: 18

БҚО-да 6000-нан астам жас қатысқан акция өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен өткен «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясына 6000-нан астам жас қатысты. Бұл туралы аталған департаменттің баспасөз хатшысы Мәншүк Харесова хабарлады.


Мемлекет басшысынының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының бесінші басымдығын іске асыруды кең көлемде насихаттау мақсатын көздеген шара бір уақытта облыстағы 12 ауданда және облыс орталығындағы іргелі оқу орындарының бірі - М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дың алдында ұйымдастырылды.

 - Біздің облысымыздағы барлық ЖОО студенттері «Адал бол!» акциясына қосылды. Бұның өзі жастарымызда академиялық адалдық принципі орнығып жатқанын білдіреді. Қазіргі таңдағы жоғарғы бәсекелестік заманында білім берудің сапасын аталған принциптерді сақтамай көтеру мүмкін емес. Тек осындай жастарымыз ғана өмірде жетістікке жете алады!» - деді департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Б.Исақов жиналған жастардың алдында сөйлеген сөзінде.

«Біз өзіміздің елімізді жемқорлықтан таза елге айналдыра аламыз. Жарқын болашағымызда жемқорлыққа жол жоқ!Мұны тек барлығымыз бірге жасай аламыз!» – деп ұрандатты алаңға жиналған студент-жастар.

Облыс бойынша өткен ақция барысында бір кісідей жұмылып флэшмоб өткізген 6000-нан астам жас қоғамды өмір бойы адалдық, ашықтық және әділдік принциптеріне сүйенуге шақырды.

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале