8-707-808-48-55
12.09.2018, 17:19
Оқылды: 52
БҚО-да 7,1 млн теңге жымқырған автомобиль жолдары бөлiмiнің басшысы ұсталды

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнің басшысы пара алу және бюджет қаражатын жымқыру күдігімен қамауға алынды.

korrupciya

Бұл туралы ҚазАқпарат Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігіне сілтемемен  хабарлайды.

«2018 жылдың 5 қыркүйегінде агенттіктің БҚО-дағы Ұлттық бюросы Теректі аудандық әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiнің басшысын қылмыс үстінде ұстады. Күдікті «Теректі ауданы Федоровка кенті Әйтиев көшесінің жолын жөндеу» объектісі бойынша мемлекеттік сатып алу туралы атқарылған жұмыстар актісіне қол қойған және жалпы «қамқорлығы» үшін өзінің қызметтік кабинетінде мердігер ұйымнан 100 мың теңге ақша қаражатын алған», - деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Бұған дейін мердігер ұйымның Теректі ауданы ішіндегі автокөлік жолдарын жөндеу және күту бойынша тендерді ұтып алғандығы және Теректі аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмiмен мемлекеттік қызметтер туралы тиісті келісімшартқа отырғандығы анықталды.

«Іс жүзінде аталған келісімшарт бойынша жұмыстар жүргізілмеген, ал ақшалай қаражатты толықтай мердігер ұйымының басшысы 2017 жылдың маусым айынан бастап 2018 жылдың ақпаны аралығында бөлік-бөлігімен мемлекеттік мекеме басшысына беріп отырған. Бөлім басшысына 7,1 млн теңгені жымқырды деген күдік тағылды», - делінген ресми хабарламада.

7 қыркүйек күні шенеунік қамауға алынды. Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Zhaikpress.kz

 

 

Ұқсас жаңалықтар Басқа да жаңалықтар
Пікір қалдыру