1.04.2020, 14:58
Оқылды: 113

БҚО-да 92 адам стационарлық карантинде

Бүгін БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев облыстағы эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады.

9cb2b8f7-bae8-4f7a-8ebc-82e1cce9d218

Оның айтуынша облыс аумағындағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Наурыздың 29-ы күні коронавирус инфекциясын жұқтырған екі адамның денсаулығы қанағаттанарлық . Олар қазір облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында. Коронавирус жұқпасы табылған үйлерді дезинфекциялау жұмыстары жүргізілген. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, олар лабораториялық зерттеуден өткен. Сараптама нәтижелері теріс болды. Бүгінде 92 адам стационарлық карантинде. Провизорлық госпитальге ЖРВИ белгілері бар 62 адам жатқызылған. Облыстың карантиндік госпиталіне аурумен қарым-қатынаста болған 28 адам жатқызылыпты. Сонымен қатар Нұрлыбек Мұстаев өңірімізде аурудың таралуына жол бермеу және «Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысы шыққанын да мәлімдеді. Қаулыда аудандар мен қала арасындағы байланысқа шектеулер қойылғандығы, облыс тұрғындарын қабылданған шектеу шараларына түсіністікпен қарап, барлық сақтық шараларын сақтаулары сұралған.

Түгелбай БИСЕН,
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале