30.01.2018, 17:27
Оқылды: 31

БҚО-да агроөнеркәсіптік кешенді инвестициялау 70 процентке өсті

Бұл жайында бүгін БҚО әкімі Алтай Көлгінов қоғамдық кеңес мүшелеріне есеп бергенде айтты. Облыс әкімінің айтуынша, осыған дейін қоғамдық кеңестің 22 отырысы өтіп, сол жиындарда көтерілген 125 мәселенің барлығы да 100 пайыз шешімін тапқан.

Индустрияландыру картасы бойынша 8 млрд. теңгеге жоспарланған 10 жоба іске асып, 536 жұмыс орны ашылған.

- Елбасы өз Жолдауында «Ауылшаруашылығы экономиканың жаңа драйвері болуы керек» атап көрсеткендей, өңіріміздің мүмкіндіктерін ескере отырып, агросаланы экономиканың жаңа драйверіне айналдыруға күш салып келеміз. Өткен жылы ауылшаруашылығының барлық саласы бойынша өсім тіркелді. Астық өнімдері 2016 жылмен салыстырғанда 16 процентке көп жиналды. Ал күздік 43 процентке, майлы дақылдар 14,5 процентке артық. Өңірдегі төрт түлік малдың саны да тұрақты өсіп келеді.

Тиісті жоспарларға сәйкес ауылшаруашылық кооперативтері құрылуда. 18 кооператив құру туралы жоспарланса, бізде 43 ауылшаруашылық кооперативі құрылды. Ал өңіріміз бойынша барлығы – 214 кооператив жұмыс істейді.

Тағы бір оң шешімін тапқан жұмыс ретінде бордақылау алаңдарын құруды айтуға болады. 505 осындай алаң құруды жоспарлап, оны да толықтай орындадық. Елді мекендердегі тұрғындар мал бордақылау алаңдарына 14 мыңнан астам мал басын сатып алды. Сонымен қатар, 2 мыңнан астам аналық ірі қара мал алынды.

«Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бойынша 2017-2021» республикалық бағдарламасына сәйкес өткен жылы ауыл тұрғындарына 10,1 млрд теңге қаржы бөлінді. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 8,6 процентке артық. (2016 жылы - 9,3 млрд). Және 8,5 млрд теңге несие берілді. 2016 жылғы көрсеткіштен 5,7 процентке көп. (2016 жылы кредит 7,8 млрд) Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 300 ауыл тұрғыны 1,5 млрд теңгені құрайтын микрокредиттермен қамтылды. Нәтижесінде 285 жаңа жұмыс орындары ашылды. Жалпы алғанда агроөнеркәсіптік кешенді инвестициялау 70 процентке дейін өсті,-деді баянамасында облыс әкімі.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале