16.05.2020, 13:59
Оқылды: 485

БҚО-да ағылшын тілінде  "Ұрпаққа ұран болған - Ұлы жеңіс" атты оқушылар арасында қашықтан байқау өтті

 БҚО білім  басқармасы «Дарын» қосымша білім беру орталығының ұйымдастыруымен жалпы білім беретін 9-10 сынып оқушылары арасында  "Ұрпаққа ұран болған - Ұлы жеңіс" атты облыстық ағылшын тілі пәні бойынша қашықтық шығармалар байқауы өтті.

EB225E97-F7F0-4756-83B8-5F68E7D49D7A

Байқаудың мақсаты - мектеп оқушыларының интеллектуалды, шығармашылық пен ойлау қабілеттерін айқындау мен дамыту, дарынды оқушыларды қолдау білдіру.

880D7206-B818-4C64-9131-9766E69D5615

Қашықтан өткізілген байқауға облыс бойынша 181 оқушы қатысты.

2A557FCD-5330-4967-AA8E-BB72A8F7B80B

Байқау қорытындысында 9-сыныптар арасында Ө.Сахипов атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 9-сынып оқушысы Құтиева Перизат (Жәнібек ауданы),  Т.Жароков атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 9-сынып оқушысы Нұрқаятова Жансәуле (Жәнібек ауданы), Новопавлов жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Киселева Ангелина Теректі ауданы жеңімпаз атанса, 10-сынып оқушылары арасында Абай атындағы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Ескалиева Камила (Ақжайық ауданы), М. Ықсанов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша кешенінің 10-сынып оқушысы Жәрдем Дария (Жәнібек ауданы), Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы Иосифова Диляра (Сырым ауданы), Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С. Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің 10-сынып оқушылары Адлханова Аружан, Беккалиева Гулшат;

№37 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Сейтмуханова Альмира (Орал қаласы), №37 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Сарсембиева Гульназ (Орал қаласы) үздік деп танылып, жеңіс тұғырынан көрінді.

44A5586D-25EA-4F8C-A977-A5EB88022347

 БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале