14.12.2018, 19:29
Оқылды: 65

БҚО-да алдағы үш жылдың бюджеті нақтыланды

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс XXI сессиясы өтті. Күн тәртібінде 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет қаралды.

sessia 21 (2)

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараев аталған тақырыпта баяндама жасады. Баяндамашының мәлімдеуінше, 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет 2019-2023 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде дайындалған және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігінің нысаналы индикаторларына қол жеткізуге бағытталған.

2019 жылға арналған облыстық бюджет түсімдері өзіндік кірістерден 30,8 млрд. теңге, жалпы сипаттағы трансферттерден (субвенциялар) – 51,3 млрд. теңге, республикалық бюджеттен қарастырылған нысаналы трансферттер мен кредиттерден – 46,2 млрд. теңге және басқа да түсімдерден құралды. Осылайша, 2019 жылғы облыстық бюджет түсімдер мен шығыстар бойынша 142,5 млрд. теңге, 2020 жылға – 102,4 млрд. теңге, 2021 жылға – 104 млрд. теңге көлемінде айқындалды.

Облыстық бюджеттің негізгі бағыттары әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау және білім беру, өмір сүру деңгейін жақсарту болып табылады. Инвестициялық жобаларды іске асыруды ескере отырып, әлеуметтік салаға 31,8 млрд. теңге бағытталды. Оның ішінде, білім беруге – 18,6 млрд. теңге (соның ішінде Ақжайық, Қазталов аудандарында және Орал қаласында үш мектептің құрылысы қарастырылды), денсаулық сақтауға – 3,8 млрд. теңге, әлеуметтік қамтамасыз етуге – 3,6 млрд. теңге, мәдениет, спорт, туризм, мұрағат, жастар саясаты және ақпараттық кеңістікке – 5,8 млрд. теңге қаралған. Ауыл шаруашылығы мен ветеринария, орман шаруашылығын дамыту мен табиғат қорғау іс-шараларына 10,6 млрд. теңге және кәсіпкерлік қызметті қолдауға - 6,4 млрд. теңгеден астам қаражат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына – 17,6 млрд. теңге қаражат бағытталды. Оның ішінде тұрғын үй құрылысына 8,7 млрд. теңге, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға және жайластыруға – 2,4 млрд. теңге, ауылдық елді мекендер мен қаланы жылу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелері реконструкциясы және құрылысына – 5 млрд. теңге, газ тасымалдау жүйесін дамытуға – 307 млн. теңге қаралып отыр. Бұған қоса, облысымызда жолдарды күтіп ұстау, күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу және көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстар жалғасын табуда. Бұл мақсатқа 10 млрд. теңгеден астам қаражат бағытталды. Сонымен бірге облысымызда мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде жобалар іске асырылуда. Осылайша, 2019 жылға арналған бюджетте жалпы сомасы 390 млн. теңгені құрайтын денсаулық сақтау саласы бойынша екі жобаны және жолдар саласы бойынша бір жобаны жүзеге асыру жоспарлануда.

Нұртас Набиоллаұлы,

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

© zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале