25.09.2019, 18:23
Оқылды: 513

БҚО-да әуесқой футболшылар арасындағы чемпионат аяқталды

Оралда әуесқой футболшылар лигасының «Жаз – 2019» кубогі, жазғы чемпионаты және футбол орталықтары мен жеке футбол мектептерінің және мектеп оқушылары арасындағы «Footballer-2019» жарысы мәреге жетті.

IMG-20190924-WA0073

Футболды дамытуды мақсат еткен БҚО шағын футбол ассоциациясының бастамасымен қолға алынған жарысқа өңірден 50-ден астам команда қатысты.

Күні кеше аталмыш футбол мерекесінің салтанатты жабылу рәсімі өтті. Жаз бойына жастар мен оқушылардың бос уақытын теккеөткізбей, спортпен айналысуға мүмкіндік берген жарыс қызыққа толы болды. Командаларды марапаттау рәсіміне арнайы келген облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы ӘсияАманбаева:

-Футбол өңірімізде ғана емес, елімізде де қарыштап дамып келеді. Спортқа қызығушылығы бар жас жеткіншектер мен жастарды жарысқа тартып, нағыз чемпиондарды тәрбиелеуге үлес қосып жүрген облыстық футзал ассоциациясының жұмысына сәттіліктілеймін. Спортшылар саны артып, Елбасы айтқан бұқаралық спортты дамытудағы бастамаларыңызды қолдаушылар таба берсін,-деді.

IMG-20190924-WA0079

Бірнеше айға созылған жарыстар қорытындысында Мансур Утебаев, Доля Назар, Илья Вавин «Ең жас ойыншы» аталымын, Исмаил Жұмасқалиев «Болашақ жұлдыз» аталымын жеңіп алса, Арыстан Темірхан «Үздік қақпашы», Мадияр Амангелді «Үздік сұрмерген», Таир Байтақов «Үздік шабуылшы», Рамазан Утебаев «Ең пайдалы ойыншы», Валерия Марыськина «Үздік қорғаушы», Алексей Побережный «Әмбебап ойыншы» аталымдарына ие болса, Нұрмұхамед Сұрамыс «Үздік ойыншы» атанды.

Ал чемпионат қорытындысында үшінші орынға «Юниор», екінші орынға «Чемпионика-1» командасы ие болса, чемпион атағы «Football kids Uralsk» командасына бұйырды.

IMG-20190924-WA0065

Ересектер арасында өткен облыс чемпионаты да қорытындыланды. Нәтижесінде Алексей Тугушев «Ең пайдалы ойыншы», Петр Новеньков «Үздік шабуылшы», Роман Багаутдинов «Үздік қақпашы» аталымдарында жеңіске жетсе, Михаил Любимкин чемпионаттың «Үздік ойыншысы» атағын қанжығалады.

IMG-20190924-WA0083

Жүлделі орындарға келсек, үшінші орын «Ақжайық» футбол клубының басшылығы мен бапкерлерінен құралған «Ақжайық» командасына, екінші орын «Янтарь» командасына бұйырса, облыс чемпионы атағын «Желаев наны» ұжымы жеңіп алды.

IMG-20190924-WA0063

Бұдан бөлек жас ойыншылары чемпионат демеушілері «Додо Пицца» мен «Ақжайық» футбол клубы ұсынған бағалы сыйлықтарға ие болды.

Түгелбай Бисен

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале