21.01.2020, 17:36
Оқылды: 107

БҚО-да аз қамтылған отбасылардың балалары 100 пайыз ыстық тамақпен қамтылған

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен брифинг облыстық білім басқармасының басшысы Айымгүл Тржанова айтты.

bilim ashana

БҚО-да мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 30 мың баланы қамтитын 507 мекеме бар. Басқарма басшысының айтуынша,1-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 78,9%, 3-6 жастағы балаларды қамту 100% -ға жеткен.

 - Демографиялық және көші-қон процестеріне байланысты мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту қажеттілігі әсіресе Орал (10 620) және Ақсай (1 546) қаласында байқалады.

2020 жылы кітап қорын толықтыру үшін жетіспейтін 1-10 сыныптың оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін, мектепалды даярлық сыныбы мен 1-сынып дәптерлерін сатып алуға жергілікті бюджеттен 2246 млн. теңге бөлінді.

Облыстың 349 мектебі тамақпен қамтылды. Аз қамтылған отбасылардың балалары 100 %, бастауыш сыныпта оқитын оқушылар 99,4% ыстық тамақпен қамтылды, -деді басқарма басшысы.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале