10.11.2019, 18:27
Оқылды: 133

БҚО-да бадминтоннан халықаралық турнир аяқталды (СУРЕТ)

Батыс Қазақстан облысында бадминтоннан қараша айының 6-сы күні басталған «Condensat Kazakhstan International Series 2019»  халықаралық турнирі аяқталды. Оған әлемнің 16 мемлекетінен келген 90-нан астам бадминтоншы қатысты.

IMG-20191110-WA0003-800x534

Қазақстан атынан 35 спортшы бадминтон ойнады. Спорттық сайысты халықаралық бадминтон федерациясы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР Ұлттық олимпиада комитеті, ҚР бадминтон ұлттық федерациясы, Батыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды.

IMG-20191110-WA0017-800x534

Осымен үшінші мәрте ұйымдастырылған халықаралық турнирдің бас демеушісі – «Конденсат» компаниялар тобы.

IMG-20191110-WA0013-800x534
– Турнирге төрт құрлықтан келген бадминтоншылар қатысты. Олардың арасында АҚШ-тан, Чехиядан, Дания, Австралия, Ресей Федерациясы чемпиондары бар. Финалдық кезеңге шыққан Дания командасы – азулы қарсыластар, бірнеше жылдан бері Еуропаның абсолютті чемпионы. Келесі жылы Токиода олимпиада ойындары өтеді.

IMG-20191110-WA0005-800x534

Сондықтан спортшыларға Батыс Қазақстан облысында өткен бадминтон турнирі олимпиадаға жолдама алу үшін ұпай жинауға тамаша мүмкіндік береді. Бірақ қазақстандық бадминтоншылардың аламанға қатысуына үміт аз. Олимпиадаға іріктеу мамыр айында басталып кетті. Біздің бадминтоншылардың халықаралық турнирге қатысуы қажет етеді. Жеткілікті түрде қаржылық қолдау болмағандықтан, олимпиада комитеті қойған талапты қазақстандық ойыншылар орындай алмауда, – деді Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Асқар Орынғалиев.

IMG-20191110-WA0002-800x534
Халықаралық турнир жеңімпаздарын марапаттауға облыс әкімі Ғали Есқалиев келіп, спортшыларды құттықтады. Турнир қорытындысында ерлер арасында (MS) даниялық Дитлев Холм, әйелдердер арасынан (WS) ресейлік Наталья Перминова жеңіске жетті. Финалдық кездесуде аралас команда санатынан (XD) даниялық Джеппи Броун мен Ирина Андерсен екеуі қазақстандық Артур Ниязов пен ресейлік Наталья Иваченконы ұтты.

IMG-20191110-WA0025-800x534

Ерлер командасында (MD) даниялық Джеппи Броун мен Диллев Йегер Холм, әйелдер командасында (WD) ресейлік Виктория Козырова мен Мария Сухова бірінші орын алды. Жеңімпаздар олимпиадаға іріктеу кезеңіне ұпай олжалап, дипломдармен және медальдармен марапатталды.

Нұртай Текебаев
суретке түсірген Мейірбек Тажкуранов
zhaikpress.kz

IMG-20191110-WA0012-800x534 IMG-20191110-WA0014-800x534 IMG-20191110-WA0024-800x534 IMG-20191110-WA0017-800x534 IMG-20191110-WA0021-800x534 IMG-20191110-WA0011-800x534 IMG-20191110-WA0019-800x534 IMG-20191110-WA0005-800x534 IMG-20191110-WA0022-800x534

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале