24.02.2017, 18:57
Оқылды: 48

БҚО-да бес мәдениет ошағы жөндеуден өтеді

«Оның бірі - А.Островский атындағы облыстық орыс драма театры. Оның құрал-жабдықтары тозған, шатырынан су ағады»,-деді облыс әкімі Алтай Көлгінов бүгінгі облыстық мәслихат сессиясында.


Өңір басшысы жеті аудандағы жолдарды жөндеуге 1 млрд. теңгеден астам, Оралдағы «Жұлдыз» шағын ауданында тасқын суды ағызу арнасы мен тас жол салуға 500 млн. теңге бөлінгенін, қаржының игерілуі қажеттігін еске салды.

Сондай-ақ сессияда  облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 27 маусымдағы «БҚО-ның шекара маңындағы аудандарын дамытудың 2014-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы» шешімінің орындалуы, «БҚО-ның аудан орталықтары мен тіректі ауылдық елді мекендерін дамытудың 2014-2018 жылдарға арналған жеке кешенді жоспарларын және ауылдық округтердің орталықтарын дамыту бойынша 2014-2018 жылдарға арналған облыстық іс-шаралар жоспары туралы» шешімін жою, облыстың су нысандарында ортақ су пайдаланудың қағидаларын белгілеу туралы мәселелер қаралып, мақұлданды.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале