29.05.2020, 13:42
Оқылды: 41

БҚО - да бір күнде 51 адамнан коронавирус анықталды

Коронавирус инфекциясы анықталған 2 азамат - Ресей Федерациясында жұмыс істейтін Шымкент қаласының тұрғындары.

200326182339286e

Ресей Федерациясымен шекарадағы "Тасқала" автоөткеліндегі санитарлық-карантиндік бекетте эпидемиолог мамандармен байланыссыз термометрия жасап, сауалнама жүргізу кезінде денсаулыққа шағымдары болмаған. Алгоритмге сәйкес, СКП эпидемиологтары жедел жәрдем шақырып, азаматтар карантиндік стационарға жатқызылды.

Сонымен қатар, 10 пациент өздеріне дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болғаны үшін зертханалық сынама алынған.

12 адамнан профилактикалық мақсатта сынама алынған.

Сонымен қатар, 27 адам Атырау облысының Теңіз кен орнында жұмыс істейтін Батыс Қазақстан облысының тұрғындары. Көрші аймақтан келуіне байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен барлығында да COVID-19 диагнозы нақтыланып, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына орналастырылды.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді.
Эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале