19.09.2018, 19:44
Оқылды: 60

БҚО-да бір мезетте 1700 домбырашы Құрманғазы күйлерін орындады (СУРЕТ)

Оралдағы ҚР Тұңғыш Президенті алаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен күй атасы Құрманғазы Сағырбайұлының 200 жылдығы аясында облыс домбырашыларының «Нағыз қазақ  - домбыра» атты кең ауқымды акциясы өтті.

IMG-20180919-WA0083

Бұл шара қазақ музыка тарихында ерекше орны бар күй өнерінің классигі Құрманғазы Сағырбайұлының шығармаларын насихаттауды, күй өнерін, халқымыздың ұлттық аспабы домбыраны қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеуді мақсат етті. Өнер арқылы өрелі ұрпақ тәрбиелеуге бағытталған шара барысында облыстағы 1700 добырашы бір мезгілде күйшінің күйлерін орындады. Олардың қатарында оқушылар мен студенттер, зиялы қауым өкілдері, түрлі сала қызметкерлері болды.

IMG-20180919-WA0079
-Биыл ерекше жыл. Күй атасы Құрманғазы бабамыздың екі ғасырлық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтуде. Бұл - тарихи шара. Қатысушыларға алғыс айтамыз. Шынында да, нағыз қазақ - домбыра,-деді облыс әкімі Алтай Көлгінов.
Домбыраның шанағынан төгілген күй Ақжайықтың аспанында күмбірледі. Шараны облыстық мәдениет және білім беру басқармалары, қала мен аудандардағы мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру мен білім беру бөлімдері ұйымдастырды.

Еске сала кетсек, бүгін Оралда күйші-композитор Құрманғазы Сағырбайұлының туғанына 200 жыл толуына орай «Жаһандану әлемі және Құрманғазы Сағырбайұлының мәңгілік мұрасы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция да өткен болатын.

Нұрбек Оразаев,
Сурет: Динара Аманғали
zhaikpress.kz

IMG-20180919-WA0081

IMG-20180919-WA0080

IMG-20180919-WA0077

IMG-20180919-WA0082

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале