31.05.2018, 14:20
Оқылды: 57

БҚО-да бірнеше шағын аудан мен ауылдың жаңа атауы мақұлданды

Темирболат Токмамбетов5Бүгін облыстық мәслихаттың кезекті 17-сессиясы өтті.  Сессия жұмысына облыс әкімі Алтай Көлгінов, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Әділғазы Бергенов қатысты.

Күн тәртібіне шығарылған 16 мәселе қаралды. Халық қалаулылары алдымен сессияда облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның Орал қаласының кейбір бөлігіне және елді мекендердің атауын өзгерту жөніндегі баяндамасын тыңдап, мақұлдады.

Оның ішінде Оралдағы «Жұлдыз» шағын ауданы бойынша 12, ТЖЖ-1 шағын ауданы бойынша 20 шақты, ТЖЖ-2 шағын ауданы бойынша 50 көшеге  атау  және  ТЖЖ-1 ауданына «Көкжиек», ТЖЖ-2 ауданына «Сарыарқа» атауларын беруді қолдады.

Қаладағы 5-шағын ауданға ақын, Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің есімі берілді. Ал осы аудандағы жаңа алаң Қазақстан Республикасның Тұңғыш Президенті алаңы, ремзауыт ауданындағы тынымбақ «Чернобыль апатының салдарын жоюшылар» тынымбағы деп деген атауды иеленді.

Өңірдегі кейбір елді мекендер Ақжайық ауданы бойынша Первомай ауылы – Қабыршақты, Сырым ауданындағы Бірінші Май ауылы Саралжын  ауылы болып аталатын болды. Бұл жаңа атаулар тиісті қаулы мен шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін және ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енеді.

Депуттатар  орыс тіліндегі «Чингирлауский район» атауының транскрипциясын «Шынгырлауский»  деп нақтылады.  Мұндай нақтылау республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жіберілді. «Облыстық ономастикалық комиссиясының жеке құрамы» жөніндегі мәслихаттың 2013 жылғы 26 маусымдағы шешіміне өзгерістер енгізілді.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА,

«Орал өңірі»

Фото Темірболат Тоқмамбет

Темирболат Токмамбетов2 Темирболат Токмамбетов4

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале