29.03.2017, 14:21
Оқылды: 19

БҚО-да биыл 18,5 мың бос жұмыс орны ашылмақ

Бұл туралы ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамар Дүйсенова Орал қаласында нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша өткен кеңейтілген кеңесте мәлім етті. Жоба министрлік пен облыс әкімдігі арасындағы меморандумға байланысты бекітілген. Соның ішінде мемлекеттік және салалық бағдарламалар аясында 2341, шағын және орта бизнесті дамытуға байланысты 11755 бос жұмыс орны ашылмақ.

– Статистикаға сүйенсек, жыл сайын елімізде 21 мыңнан астам мектеп түлегі оқу орындарына түспейді немесе жұмыспен қамтылмайды. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының бірінші бағыты бойынша келесі оқу жылы жастар үшін техникалық-кәсіби білім алу тегін болады. Жасы 24-тен асқан азаматтар үшін қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылады. Негізінен, өңірге қажетті мамандықтарға көңіл аударамыз. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары үшін мобильді оқыту орталықтары ашылады. Бағдарлама аясында шағын қалалар мен ауылдарда тұратын азаматтарға 18 млн. теңгеге дейін шағын несие беріледі. Атап өтерлігі,  кәсібін енді бастағандардың кепілдендіру тетігінің 85, бизнес иелері үшін 50 пайызын Үкімет немесе «ҚазАгроГарант» АҚ қамтамасыз етеді. Яғни, несие үшін кепіл салу мәселесі шешімін табады, –деді министр.

Т.Дүйсенова кеңесте әлеуметтік жәрдемақыны бекіту, зейнетақыны көбейту және «Өрлеу» пилоттық жобасы аясында енгізілетін өзгерістерді баяндады. Кейін семинар қатысушылырының сұрақтарына жауап берді.

Еске сала кетейік, бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Орал қаласына келіп, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен құрылыс нысандарын аралауда.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале