26.01.2018, 12:32
Оқылды: 26

БҚО-да биыл 20269 тұрғын жұмыспен қамтылады

БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің кезекті брифингі облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2017 жылғы жұмыс қорытындысы мен 2018 жылға жұмыс жоспарына арналды. Брифинке БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қ.Айтмұхамбетов қатысты.

Спикердің айтуынша, жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде 2521 адам тіркелген, бұл облыстағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың 0,8% құрайды. Облыстағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында 2017 жылға арналған халықты жұмыспен қамтудың Кешенді жоспары бекітілді. Кешенді жоспар бойынша 17 035 тұрғынды жұмыспен қамту жоспарлануда.

Елбасы өзінің Жолдауында жаңадан ашылған жұмыс орындарының саны - бұрынғыша Үкімет пен әкімдер қызметінің тиімділігін бағалаудың негізгі критерийінің бірі болмақ деп атап өткен болатын. Бұл бағытта өңірімізде мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Өткен жылы аталмыш жобалар арқылы 4470 жаңа жұмыс орны ашылып, жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары арқылы 1119 адам жұмысқа орналасты.

Жалпы 2017 жылы 11 927 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланса, жыл қорытындысы бойынша 14269 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 10896-ы (76,4%)  тұрақты.

Брифингте Қ.Айтмұхамбетов «2017-2020 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту мақсатындағы бағдарламаны жүзеге асыруға өткен жылы облыс бойынша 3,5 млрд.теңге бөлінген.

- Жалпы, 2018 жылы 20269 адамды жұмыспен қамту жоспарлануда. Оның ішінде бос жұмыс орындарына 7 777 адам, мемлекеттік және мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылатын жобалар бойынша 487 адам, қоғамдық жұмыстарға 5 067 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 770 адам, жастар практикасы бойынша 1314 адамды жұмысқа орналастыру көзделсе, шағын несие беру мен кәсіптік оқыту, қайта даярлау, біліктілікті арттыруға 4 481 адам жіберіледі деп жоспарлануда,-деді Қ.Шадиярұлы.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале