23.08.2018, 18:11
Оқылды: 37

БҚО-да биыл 8 адам суға кеткен

39962602_229198427753599_4067505445751750656_nБиыл өңірімізде орман және дала өрттерінің алдын алу және жою үшін, орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөнінде бірқатар іс-шаралар атқарылуда. Бұл жөнінде және өрт қауіпті кезеңінде атқарылған жұмыстар жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жан-жақты айтылды.


БҚО Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Нұрлан Таубековтың айтуынша, шалғай орналасқан елді мекендерді өрт сөндіру бекеттерімен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып облыс аумағында 12 өрт сөндіру бекеті құрылды. Биыл өңірімізде 5 өрт сөндіру бекеті құрылды. Соның ішінде үшеуі Бөрлі ауданынының Өспен, Ақсу, Киров ауылдарында, екеуі Зеленов ауданының Үлкен шаған, Егіндібұлақ ауылдарында, сонымен қатар Теректі ауданының Аңқаты ауылында, Қазталов ауданы Болашақ ауылында, Сырым ауданының Тоғанас ауылында, Ақжайық ауданының Алғабас ауылында, Шыңғырлау ауданының Лубен ауылында, Тасқала ауданының Шежін-2 ауылында және Бөкейорда ауданының Ұялы ауылында орналасқан. Аталған өрт сөндіру бекеттері радиусы 20 шақырымды қамтитын өзара жақын орналасқан 40-тан астам елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Өрт қауіпті кезеңінде облыс аумағындағы табиғи өрттердің жағдайын тұрақтандыру мақсатында департамент қызметкерлері БҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі, Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп орман алқаптарында, адамдардың жаппай демалыс орындарына рейд жұмыстарын жүргізуде. Жүргізілген рейд жұмыстары барысында орман алқабында адамдардың от жағу фактілері анықталып, бүгінгі күнге дейін, ҚР ӘҚБтК 367-бабының 1-тармағына сәйкес, жалпы шамасы 265 100 теңге көлемінде 22 хаттама толтырылған.

Басқосуда судағы адамдар өлімінің алдын алуға бағытталған іс-шаралардың барысы сөз болды. Судағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша бірқатар жұмыс істелсе де, суға кету фактілері орын алуда. Биылғы  суға шомылу кезеңінде 8 адам «тілсіз жаудың» құрбаны болды. Оның екеуі кәмелетке толмаған. Ал өткен жылы 18 адам суға кетсе, соның бесеуі кәмелетке толмағандар болатын.

-Судағы өлім статистикасы азаяр емес. Соңғы 10 жылда облыста 270-тен аса адам суда ажал құшты, оның 70-ке жуығы - балалар. Судағы балалар өлімі көбінесе үлкендер мен ересектердің балаға салғырт қарауынан орын алады. Ересектердің қарауынсыз қалған балалар өз беттерімен су айдындарына барады, ал қайғылы оқиға орын алғанда көмектесуі мүмкін болатын ересек адам болмай қалады, - деді аталмыш департаменттің төтенше жағдайларды жою бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Бақытжан Ихсанов.

Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале