7.06.2018, 16:35
Оқылды: 77

БҚО-да биыл жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруларының 10 ошағы тіркелген

Соның ішінде 1 ошақ қарасан, 9 ошақ құтыру індетінікі. Бұл жайлы бүгін облыстық ветеринария басқармасы басшысы Серік Нұрмағанбетов БАҚ-қа арналған брифингте айтты.


 

Үш жыл бұрын облыстық ветеринария басқармасы, 12 аудан және қалада ветеринариялық бөлімдер құрылды.      Қазір аудандық бөлімдерде 66, ветеринариялық станциялар мен ветеринариялық пункттерде 582 маман жұмыс жасауда.

Облыстық ветеринария басқармасы басшысы С.Нұрмағанбетовтың айтуынша, биыл БҚО-да ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 999,7 млн. теңге бөлінген (былтыр 1 млрд 083 млн. теңге). Соның ішінде эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 883,3 млн. теңге, бруцеллез табылған мал иелеріне өтемақы төлеуге 60,4 млн. теңге қарастырылған. Ал бұралқы иттер мен мысықтарды жоюға 56 млн. теңге қаражат бөлінген.

Биыл облыста тіркелген аса қауіпті жұқпалы аурулардың 10 ошағы тіркелген. Оның 1-еуі қарасан (Ақжайық ауданы), 9-ы құтыру ошағы. Басқарма басшысының айтуынша, ауылшаруашылығы жануарларын Сібір жарасы ауруына, нодулярлы дерматитке, пастереллезге, қарасанға қарсы вакцинация жасалуда.

- Жыл басынан бері бруцеллез ауруына 303 мың бас ірі қара зерттеліп (96%), оның 4,8 мың бас оң нәтиже көрсетті. Зерттелген 289 мың бас ұсақ малдың 495-інен ауру анықталды. Бруцеллез ауруымен күресу жолдарының бірі, диагностикалық зерттеулер бойынша оң нәтиже көрсеткен жануарларды  мал сою орындарына уақтылы тапсыруды ұйымдастыру. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының нұсқамасы бойынша жергілікті атқарушы органның басшысы, жануарлар иелері ауру жануарларды қалған жануарлардан оқшаулауды ұйымдастырады және кемінде 15 күн ішінде оларды тиісті аумақта орналасқан мал союды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне (ет комбинаты, сою пункті) санитариялық сою үшін жібереді. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоюсыз міндетті залалсыздандыру және қайта өңдеу кезінде тиісті аумақта жануардың бір басының және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың нарықтық құнының 30 %-нан аспайтын мөлшердегі құны жергілікті бюджет есебінен өтеледі, ал құнының қалған бөлігін (70%) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ұйым өтейді. Бұл бағытта күні бүгінге 3092 бас МІҚ және 89 бас ұсақ санитарлық мал ет өңдеу кәсіпорындарына уақытылы тапсырылуда,- дейді облыстық ветеринария басқармасы басшысы С.Нұрмағанбетов.

Нұрлыбек Рахманов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале