12.12.2017, 17:20
Оқылды: 68

БҚО-да браконьерлер ұсталды

 

ohotnik_01Бөкейордасы ауданы аумағында «Сүйекті жыра» нүктесіне жақын Орал қаласының 34 жастағы тұрғыны қарда жүретін техникамен ұсталды.  Тексеру кезінде біреуінің мүйізі кесілген 2 киіктің төшкесі және 60 дана оқ тәркіленді.

Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып (заңсыз аң аулау), қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Желтоқсанның 8-і күні Бөрлі аудандық жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары жол-патрульдік полициясы батальонының қызметкерлерімен бірлесіп, Ақсай қаласында «Тойота Хайлюкс» автомашинасын тоқтатты. Жүргізушісі – Ақсай қаласының 50 жастағы тұрғыны. Көлікті тексеру кезінде 4 жабайы жануар төшкесі, 3 мылтық, әр түрлі калибрлі 46 оқ, 2 пышақ қабымен, балта және іздеуіш құралын тауып, тәркіледі.

Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

БҚО ІІД баспасөз қызметі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале