6.04.2019, 16:05
Оқылды: 33

БҚО-да денсаулық жәрмеңкесі өтті

Бүгін Орал қаласындағы "Атриум" сауда үйінде дүниежүзілік Денсаулық күніне орай "Ұлт саулығы - болашақ негізі" атты денсаулық жәрмеңкесі өтті.

IMG-20190406-WA0076

"Сау болу сәнді" ұранын арқау өткен жәрмеңкені ұйымдастырушылар облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, облыстық және қалалық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтар.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Ерлан Мұқаевтың айтуынша, жәрмеңкенің басты мақсаты - жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастырып, зиянды әдеттерден бас тартуға, спортпен шұғылдануға, денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға бағдар беру мен бағыттау. Шара барысында тұрғындарға медициналық көмек көрсетіліп, міндетті медициналық сақтандыру бойынша кеңес берілді.

Сонымен қатар арнайы фитнес жаттықтырушы сауда орнына келушілер арасында гір тасын көтеру, қол күресі сынды спорт түрлерінен жарыстар, флэшмоб, викториналық сайыстар ұйымдастырды.

Динара Есeнтаева,

zhaikpress.kz

IMG-20190406-WA0080IMG-20190406-WA0079IMG-20190406-WA0083

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале