26.12.2018, 18:34
Оқылды: 55

БҚО-да дуалды оқыту жүйесіне 78 ірі кәсіпорын қатысуда

Биыл БҚО-да білім беру саласы «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы аясында 68 шара өткізді. Облыстың 250 мектебі заманауи робототехника кабинетімен жасақталып, жаңа оқу жылында 15 IT сынып ашылды.

it

Мектептер Bilim Land цифрлық білім беру платформасының ресурстарын белсенді пайдалануда.

2018-2020 жылдары Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірлесіп, 443 елді мекеннің 100-ден астамын Интернет желісіне қосуды жоспарлады. Қазір облысымыздың 300-ге жуық елді мекені интернетке қосылған. 223 шағын жабдықталған мектеп Bilimbook компьютерлік құрылғыларымен қамтамасыз етілді.

Облыста 26 колледжде дуалды оқыту жүйесіне 78 ірі кәсіпорын, зауыттар қатысуда. Мысалы, облыстағы «Орал трансформатор зауытында» 250 адам үш ауысымда еңбек етуде. Соның ішінде 100-ге жуық маман Жайық өңіріндегі оқу орындарының түлектері.

Өңірдің 4 жоғары оқу орны жыл соңына дейін 31 жобаны іске асыруда. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде кәсіпкерлікті қолдау орталығы жұмыс жасай бастады. Бүгінде орталықта студенттер өз бизнес-жобаларын іске асыруда. Бұл жоба облысымыздың жекеменшік жоғары оқу орындарына үлгі ретінде ұсынылды. Осы оқу орында студенттерге арналған «бір терезе» қағидаты бойынша уақтылы және сапалы қызмет көрсету орталығы ашылды.

Сондай-ақ, кәсіптік, техникалық колледж педагогтарына бағдарламаның білімнің салтанат құруы қағидатына негізделген «Өсу векторы» жобасы аясында «Табысқа жету формуласы» форумы ұйымдастырылды.

Білім беру мекемелерін заманауи сандық жүйелермен қамтып, ұстаздарға жаңа мүмкіндіктер сыйлау мақсатында Оралда алғаш рет цифрлы ресурстық орталық ашылды. Бұл «Віlim Media Group» компаниясы ұсынған тың жоба.

«Білімге талпыныс – жетістіктің негізгі кілті» тақырыбында облыс әкімі 1-курс студенттеріне дәріс оқыды.

«Домбыра күніне» орай облыстық, қалалық перзентханаларда сол күні дүние есігін ашқан нәрестелердің аналарына домбыра сыйға тартылды. «Домбыра сыйла» акциясы шеңберінде кәсіпкерлер музыкалық мектептерге 355 аспап сыйлады.

Өңірдің және шекаралас аймақтардың географиясын зерттеу бойынша «Индер - Орал өңірінің болашақ геопаркі» және «Хан бөгеті» («Ханская плотина») халықаралық ғылыми-танымдық экспедициялары өткізілді.

Білім саласының жыл жаңалығы ретінде танылған тың жоба «Өсу векторы» мектебі. Жобаның мақсаты педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, менеджменттегі жаңа технологияларды таныстыру. «Өсу векторы» мектебі жұмысында «EDTECH-KZ» халықаралық білім беру орталығы, Л.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті мамандарының дәрістері тыңдалып, жергілікті ақын-жазушыларымен кездесу кештері, оқу курстары, шеберлік-сыныптары, дебат, дайджест, психологиялық тренингтер ұйымдастырылды.

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале