27.06.2019, 16:13
Оқылды: 197

БҚО-да екі талапкер ҰБТ-дан ең жоғары 137 балл жинады

Батыс Қазақстан облысында биыл 5032 оқушы мектеп бітірді. Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, 21 маусым басталған ҰБТ сынағын 3787 түлек тапсырған.


11jpg

Өңірдегі барлық тестілеу өткізу мекемелері талапқа сай жабдықталып, оқушылардың тасымалы, қонуы мен қоғамдық тәртіптің сақталуы қамтамасыз етілді.

Кеше облыс бойынша сынақ аяқталды. Нәтижесінде Теректі ауданы Подстепное ауылындағы «Үміт» лингвистикалық гимназиясының оқушысы Асқар Сайын мен Орал қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінің түлегі Зарина Сержанова ең жоғары 137 балл жинады. Екеуі де «Алтын белгі» иегерлері.

Бұдан бөлек, Орал қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицейінің бір түлегі Қайрат Аманжолов 136 балл, тағы екі түлек Әймедет Тауфик пен Рахат Сәрсек 135 балл жинаған.

Еске сала кетейік, шекті балл жинай алмай қалғандар үшін тамыз айында тағы да тестілеу сынағы өтеді. Одан сүрінбей өткендер ақылы негізде оқуға түсе алады.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале