26.06.2020, 12:49
Оқылды: 8010

БҚО-да екі түлек ҰБТ-ға қатыспай 140 балл алды

Бүгін Орал қаласындағы Дарынды балаларға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешенінің екі түлегіне дәл ҰБТ басталарда ҚР Білім және ғылым министрлігінің шешімімен 140 балл көрсеткіші бар сертификат табысталып, тесттен босатылды.

 

SAT-ACT

Биылғы ҰБТ тапсырудағы жаңалықтың бірі – SAT, АСТ, IB халықаралық стандартталған тесттерінің балын Ұлттық бірыңғай тестілеу балына ауыстыру шкаласы енгізілді. Егер түлек SAT reasoning және SAT subject сертификаттарын ҰБТ тапсыру пунктінде тапсырған болса, сол сертификаттары ҰБТ балы ретінде көрсетіледі. Түлектер ҰБТ-дан босатылып, грант беру конкурсына қатыса алады.

№11 мектептің түлектері Амиржан Армандиев пен Шынар Марс халықаралық стандартталған тест тапсырып, ең жоғары ұпай жинаған. Екеуі де 650 балдан жоғары жинаған оларға бүгін автоматты түрде ҰБТ-ның ең жоғары 140 балы берілді. Түлектер Махамбет атындағы БҚМУ-да ҰБТ-ға қатысып, білімдерін сынауға өтініш берген екен. Енді бұл сертификатпен грант беру конкурсына қатыса алады.

Бүгін Махамбет атындағы БҚМУ-да ҰБТ өтуде. Ондағы тестілеуге бір түлек қана ұялы телефон алып өтпек болып, кіре алмай қалған.

Нұрлыбек Рахманов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале