17.05.2019, 11:39
Оқылды: 34

БҚО-да ел президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың 14 қоғамдық штабы жұмыс жасауда

Бүгін «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалында ел президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың аймақтағы сайлау алды сайлау науқанының аралық қорытындылары туралы брифингі өтті.

nur otan2

         Баспасөз мәслихатында облыстық қоғамдық штабтың төрағасы Серік Сүлеймен аталған науқанға байланысты атқарылған істер туралы баяндады.

         -Қазіргі таңда облысымызда ҚР Президентігіне кандидатты қолдау жөніндегі құрамы 305 адамнан тұратын 14 қоғамдық штаб жұмыс жасауда. Облыс бойынша 888 сенімді өкіл Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына қатысуда. Облысымызда кандидаттың 14 қоғамдық қабылдау бөлмесінде сенімді өкілдерімен бүгінгі күнге 115 адам қабылданды. Үгіт-насихат жұмыстары арнайы желілік кестеге сәйкес жүргізілуде. Республикалық деңгейде 36 іс-шара өтіп, 7 558 адам қамтылса, жалпы желілік кесте аясында 265 іс-шара өтіп, 48 мыңнан астам адам қамтылды. Соның ішінде сенімді өкілдермен 38 мың адамды қамтыған 195 кездесу өткізілді. Кездесулер барысында барлық нысаналы топтар қамтылуда, оның ішінде жастар, шағын және орта бизнес өкілдері, бюджеттік жүйе қызметкерлері, еңбек ұжымдары және тағы басқалары бар. Облыс орталығы және аудандарда барлығы 31 үгіт-насихат билбордтары орналастырылды,-деді штаб төрағасы.

         Серік Кенжебекұлының мәлімдеуінше, бүгінде 28 998 үгіт-насихат материалдары таратылып, ілінген. «Есіктен есікке» акциясы аясында 9 074 пәтер мен тұрғын үй қамтылып, үгіт-насихат жұмыстарына облыс бойынша 855 белсенді қатыстырылуда.

         Сонымен қатар 13-і мамырдан бастап облысымызда «Birge» жалпыұлттық акциясы басталды. Акция аясында Қазақстан Республикасының Президенттігіне «Nur Otan» партиясының атынан ұсынылған кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сенімді өкілдері арқылы халықтың ұсыныстары мен тілектері жиналады.

         Сол арқылы Президенттікке үміткердің сайлауалды бағдарламасын қалыптастыруға азаматтар тікелей қатысуға мүмкіндік алады. Сонымен бірге әр адам өз тілегін республикалық қоғамдық қабылдау ресми сайтында және Президенттікке үміткердің арнайы ресми парақшасында да қалдыра алады. Бүгінгі күнге 2 623 ұсыныс-тілек жинақталып, сайтқа тіркелген.

Динара Есентаева,

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале