14.01.2021, 16:52
Оқылды: 177

БҚО-да ІІІ тоқсаннан бастап оқыту штаттық, аралас және қашықтықтық  форматта жүргізілуде

2021 жылдың облыста оқыту штаттық, аралас және қашықтықтық  форматта жүргізілуде. 111 132 білім алушы контингенті бар 379 мектеп жұмыс істейді.

 оқу

Мектептердің қызметінде санитариялық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтай отырып, сыныптарда 15 адамға дейін балалар саны 300 адамға дейінгі шағын котингентті бар 256 мектепте штаттық режимде 25 881 бала (23,3%), 110 мектепте аралас режимде 85 239 бала (76,7%), 1 мектепте қашықтан 12 баламен (0,01%,) оқу ұйымдастырылуда.

Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша III тоқсаннан бастап 9 және 11 (12) сынып оқушылары аралас форматта оқиды.

Бұл сыныптарда математика, қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі, физика, химия, биология, алгебра, геометрия және тарих пәндері мектепте оқытылады. Яғни, барлық пәннің 70%-ы штаттық форматта өтеді.

Мектептерде икемді сабақ кестелері жасалып, сабақтар арасындағы үзілістер әр түрлі сыныптар үшін әр түрлі уақытта ұйымдастырылады, сондай-ақ әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін ауысымдар саны көбейтіліп, пәндердің 30%-ы қашықтан оқытылады.

Мұндай шешім ата-аналар мен көпшіліктің пікірін ескере отырып қабылданды.

Сонымен қатар бітіру сыныптары түлектерін оқу жылының соңында қорытынды аттестаттау, олардың колледждерге түсу үшін кешенді емтихандар мен жоғары оқу орындарына түсу үшін ҰБТ тапсыратыны ескерілді.

Оқушылардың бағдарламадан артта қалу деңгейін анықтау және оны теңестіру, негізгі пәндер бойынша білім қималарын диагностикалау, мониторинг, зерттеулер, сауалнамалар арқылы проблемалық мәселелерді зерделеу, артта қалған оқушыларға сараланған консультациялар өткізу, ата-аналар мен балалардың қалауы бойынша консультациялық онкүндіктерді ұйымдастыру бойынша жұмыс басталды.

Мұғалімдер мен ата-аналардың пікірін ескере отырып, кезекші сыныптардағы дәстүрлі форматта оқуға мүмкіндігі жоқ оқушыларға мұғалімдердің қалауы бойынша жеке консультациялар ұйымдастырылуда.

Сонымен қатар, директормен кездесулер, педагогикалық кеңестердің мәжілістері, ата-аналар жиналыстары және т.б. қашықтық форматта өтеді.

Штаттық режимде оқыту қатаң санитариялық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүзеге асырылуда.

Олар, басталу және аяқталу уақытын көрсете отырып, сабақ кестесін құру;

- әлеуметтік алшақтық үшін, физикалық байланыстарды азайту үшін ауысымдарды ұлғайту және ауыстыру;

- әр сынып белгілі бір кабинетте орналасады;

- әртүрлі сыныптар үшін әр уақытта сабақтар арасындағы өзгерістерді ұйымдастыру;

- мектепке кіру кезінде медицина қызметкерінің білім алушылар мен педагогтердің температурасын күн сайын өлшеуі;

- маскаларды кию режимін қамтамасыз ету;

- оқу үстелдерін 1 метр қашықтықта орналастыру;

- кабинеттерді және барлық жайларды желдету, кварцтау;

- асханада тамақтану қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша және тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің келісімі бойынша ұйымдастырылады;

- мектепке кіре берістегі аяқ киімге арналған дезинфекциялаушы кілемшелер, барлық қабаттарда қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылады;

- сапалы сумен жабдықтау, қолды жуу құралдары қамтамасыз етіледі.

Колледждердегі оқу процесін ұйымдастыру

І семестерде облыс бойынша 8 ауылдық және жабық мекемеде (РУ)  орналасқан колледждер штаттық режимде жұмыс жасап, олардағы студентер саны 1235 болды.

ІІ семестерден бастап 25  колледждердегі 5376 І курс студенттері аралас оқу форматына көшті (пәндердің, модулдердің 70% штаттық, 30% қашықтан),  осы колледждердегі ІІ-ІV курс студенттері қашықтан оқытуда жалғастыратын болады (10 342 студент).

Өндірісте машықтан өтуі штаттық режимде өтеді. Колледждердің оқыту және машықтан өту форматына облыстағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты санитарлық дәрігердің шешіміне сәйкес өзгерістер енгізілуі мүмкін.

 

БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале