24.08.2017, 14:05
Оқылды: 18

БҚО-да іздеуде жүрген екі қылмыскер ұсталды

«Конституция күні» мерекесі аясында Батыс Қазақстан облысында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өтуде, деп хабарлады БҚО ІІД баспасөз қызметі.


Батысқазақстандық тәртіп сақшылары профилактикалық шара басталған сәттің бірінші тәулігінің ішінде 24 қылмыс ашып, оның ішінде іздеуде жүрген 2 қылмыскерді құрықтаған.

Сонымен қатар 465 әкімшілік заңнаманы бұзу дерегі анықталды. Оның 168-і қоғамдық тәртіпті бұзушылық. Мас күйінде көлік басқарған 15 адам, рөлде  ұялы телефонмен сөйлескен 35 адам, жылдамдықты арттырған 60 жүргізуші ұсталды. Қауіпсіздік белдігін тақпаған 20, қозғалыстың қарсы бағытына шығып кеткен  5 жүргізуші назарға іліккен.

ҚР Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 20 әкімшілік хаттама толтырылған.

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале