27.09.2017, 17:43
Оқылды: 63

БҚО-да қайырымдылық акциясы өтті

 

Бүгін облыстық филармония залында III қайырымдылық гранд балы аясында «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық  акциясы өтті.

Аталмыш шараның басты мақсаты – қаладағы,  аудан-ауылдардағы әлеуметтік жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі 100 отбасына көмек көрсетіп, жастардың жүрегіне қайырымдылық сезімін ұялату.

-Қайырымдылық жасау үшін бай болу міндетті емес. Сондықтан студенттер мен жастардың басын қосып қайырымдылық шарасын ұйымдастырған болатынмын. Ал дебютанттардың  дайындаған тосын сыйы мен жүректерінен  шыққан хаттары  мүмкіндігі шектеулі жандардың, аз қамтылған отбасылардың көңілдеріне қуаныш ұялататынына сенемін. Барлығымыздың деніміз сау болса да мейірімге мұқтажбыз. Сондықтан айналамыздағы жандарға жылы сөзімізді жиі арнайық,- деді акцияның жүргізушісі әрі аталмыш жобаның авторы Алпамыс Шаримов.

Шара барысында дебютанттар тосын сыйларының иелері туралы және олардың өміріндегі қиындықтары туралы жеткізді. Содан соң Қазақстан эстрада жұлдыздарының қолтаңбасы қойылған кәдесыйларды  ұсынатын сыйлықтарының жанына қосып қойды.  Бұл тосын сыйлар иелеріне жуық арада жеткізілетін болады.

                                                                            Гүлсезім БИЯШЕВА

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале