15.02.2017, 16:04
Оқылды: 62

БҚО-да қар былтырғыдан 70 пайызға көп түскен

Бүгін облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бойынша комиссияның отырысы өтті. Облыс әкімі Алтай Көлгіновтің төрағалығымен өткен жиынға жекелеген басқармалардың басшылары, лауазымды тұлғалар мен өзге де мүдделі тараптардың өкілдері қатысты.


Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Ж.Жұмашев, «Батыс Қазақстан электр желілерін тораптары компаниясы» АҚ директоры Қ.Мусиннің күн тәртібіндегі мәселе бойынша баяндамалары тыңдалды. Орал қаласының әкімі Н.Төреғалиев  алдағы істер жөнінде есеп берді. Сондай-ақ «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының директоры Д.Оралымбеков күн тәртібіндегі мәселе бойынша хабарлама жасады.

Биыл облыс орталығында, өңір аумағында су тасқынының қатері күшті. Мамандардың хабарлауынша, биыл облыстағы қар көлемі былтырға қарағанда 70 пайызға көп. Жайық өзеніндегі мұздың қалыңдығы 40 см-ге жетті. Мұның өзі 2011 жылы болған су тасқыны кезіндегі көрсеткішке жақын. Сондықтан облыс әкімі тиесілі ведомствалардың басшыларына және Орал қаласының Зеленов, Тасқала, Теректі аудандарының әкімдеріне ықтимал табиғи апат қатерінің алдын алу, салдарын азайту, адамдар мен өмірлік маңызы бар нысандарды қорғау жолында кезек күттірмейтін шараларды жүзеге асыруды қатаң тапсырды.

Серік Ихсанғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале