17.02.2017, 19:02
Оқылды: 25

БҚО-да қар құрсауында қалған 137 адам құтқарылды

15 ақпанда толассыз жауған қар Ақжайық ауданының Қамыстыкөл ауылынан Орал-Атырау тас жолына шығатын жолды бітеп тастады. 12 шақырым жердегі ауылға не кіре алмай, не шыға алмай, қара жолдың бойында тұрып қалған көліктерде 137 адам болған.


«Оқиға туралы ақпарат бізге 13 сағат 35 минутта түсті. 45 минутта келіп жеткен төтеншеліктер қар құрсауында қалған 3 «жедел жәрдем», 2 УАЗ және 24 жеңіл көліктеріндегі жолаушыларға дер кезінде көмек көрсетті. Абырой болғанда, жолаушылардың барлығы дін аман екен. Күртік қарды тазалаған соң, 10 көлік өз бағытымен Чапай ауылына, 19-ы Қамыстыкөлге қарай жол тартты», - деп хабарлады жедел құтқару жасағының аудандық құтқару бөлімінің басшысы Марат Қабақаев.

Абрахманова Л.

БҚО ТЖД

Жедел құтқару жасағының

бас құтқарушы-психологы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале