3.12.2017, 16:04
Оқылды: 38

БҚО-да қар жауып, бұрқасындатады

Kazmeteo«Қазгидромет» РМК-ның БҚО бойынша филиалының мәліметі бойынша, 2017 жылғы 4 желтоқсанда күндіз, 5-6 желтоқсанда тәулік бойы Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с, 5-6 желтоқсанда кей жерлерде қар жауып, бұрқасындатады, желдің екпіні 23 м/с болады деп күтілуде.


 

Орал қаласында 4 желтоқсанда күндіз, 5-6 желтоқсанда тәулік бойы кей жерлерде оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 18 м/с дейін күшейеді, 5-6 желтоқсанда қар жауып, бұрқасындатады, желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтілуде.

Төтенше жағдай қаупі төнгенде, БҚО ТЖ департаментінің жедел кезекшісіне төмендегі телефондар арқылы хабарласу қажет: 51-39-35 (факс), 51-42-22, 112.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале