23.05.2020, 14:22
Оқылды: 1619

БҚО-да карантин режимі 15 маусымға дейін ұзартылды

73c0474a-e2e4-43df-a727-adefe8c5e0ad

Бұл туралы бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған онлайн шұғыл брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев атап өтті.

- Облыста күні бүгінге дейін коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 370 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 251 жағдай сырттан әкелінген, 114 жағдай өзара қарым-қатынаста пайда болған. 23 мамырдағы жағдай бойынша өсім қарқыны 2,8% құрады. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында – 144 науқас, провизорлық стационарда - 24, карантиндік ауруханада - 217, үй карантинінде - 1208 адам дәрігерлердің бақылауында. Ауырғандардың ішінде 220 адам сауығып шықты. Эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Осы себепті, облыстың бас санитарлық дәрігерінің 23 мамырдағы қаулысымен БҚО-да карантин 15 маусымға дейін ұзартылды. Карантиндік шектеулер эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынатын болады. Бұл әрбірімізге байланысты. Сондықтан тұрғындарды жеке гигиена ережелерін сақтауға шақырамын - деді Нұрлыбек Ермекұлы.

Коронавирус жұқпасының Ақжайық ауданында 5 жағдайы тіркелсе, Бөрлі ауданында -7 жағдай, Бәйтерек ауданында - 3 жағдай, Сырым ауданында - 4 жағдай, Тасқала ауданында - 10, Теректі ауданында. - 1, ал Орал қаласында 340 жағдай тіркелді.

БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті ұсынған мәліметке сүйенсек, жалпы аурушаңдық бойынша тіркелгендердің 275-і Батыс Қазақстан облысының тұрғындары. ҚР- ның басқа аймақтарынан келген жағдайлар - 84. Басқа мемлекеттерден жұқтырып келу дерегі - 7. Облыс бойынша сырқаттанғандардың жалпы санының 67,8% - ы, яғни 251 жағдай сырттан әкелінген жағдайлар болып келеді: РФ - 182 адам, Атыраудан - 68 (ТШО-дан-67), Германиядан - 1 жағдай.

Қарым-қатынастан тіркелген 114 жағдайдың 63-і денсаулық нысанында, оның 54-і медициналық қызметкер, 9-ы басқалары. 5-і полиция департаментінен (3-АПБ), үй ошағынан -43.

Облысымызда індеттен жазылғандар саны-220, жұқпалы аурулар ауруханасында - 150 адам ем алуда. Карантиндік стационарда - 217, провизорлық стационарда- 24, үй оқшаулауында -1208 дәрігерлер бақылауында.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале