23.11.2018, 15:14
Оқылды: 43

БҚО-да киік атқандар сотталды

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы уәкілетті органдармен бірлесіп киікті қорғау, оны заңсыз аулаудың жолын кесу және табиғатқа келтірілген шығынды қайтару мақсатында шаралар жүргізуде.

saigaki

Биыл браконьерлікпен айналысқан 21 тұлға ұсталып, сегіз факт бойынша сот үкімі шықты.

99 бас киікті атқан қылмыскерлерден мемлекет пайдасына 331 млн. теңге өндірілді. Бірнеше қару-жарақ жойылып, 6 қаршана мен көлік тәркіленді.

Қыркүйек айының аяғында Ақжайық аудандық сотының үкімімен ҚР 337-бабы (заңсыз аңшылық) және 399-бабына (сирек кездесетін жануарлармен заңсыз айналысқаны үшін) сәйкес Тайпақ ауылының 2 тұрғыны айыпты деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан  айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді. 74 бас киікті атқаны үшін қос қылмыскерден 246.млн теңге ақша өндірілді.

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале