6.03.2018, 18:07
Оқылды: 74

БҚО-да «Көктем-2018» республикалық оқу-жаттығуы өтті (ФОТО)

DSC_0077Басқару органдарының, азаматтық қорғаныс қызметтерінің, күштері мен құралдарының көктемгі кезеңге дайындығын қамтамасыз ету мақсатында 5 және 6 наурыз күндері елімізде Өскемен қаласындағы оқу-жаттығу басшылығы штабымен «Көктем-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.

Бүгін, 6 наурыз күні Батыс Қазақстан облысында екінші кезеңі, яғни «Көктем-2018» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының практикалық бөлімі өтті.

Практикалық бөлім басталмастан бұрын Қадыр Мырза Әлі атындағы алаңда БҚО әкімінің орынбасары Б.Азбаевтың, БҚО ТЖД бастығы генерал-майор Ж.Жұмашевтың, оқу-шаттығуды басқару штабының бастығы, БҚО ТЖД бастығының орынбасары, подполковник А.Ахметжановтың қатысуымен жедел жауап берудің қалалық құрама жасағын байқау өтті. Байқау барысында облыста жедел жағдайлар туындаған кезде қолданылатын барлық қажетті құрал-жабдықтар мен техникалар көрсетілді.

DSC_0014Кейін дәл осы күні қала шетіндегі «Дубрава» кешені ауданында оқу-жаттығудың келесі бөлімі өткізілді. Оқу-жаттығу сценариі бойынша, жауын-шашынның қарқынды жаууынан облыстың бұрыннан тегіс ашылмаған өзендеріндегі қар жамылғысының қарқынды еруіне себеп болған ауа температурасының бірден көтерілуі нәтижесінде күрделі ахуал орын алды. Көктемгі су тасудан, ірі су қоймаларынан судың шұғыл ағуынан тіршілікті қамтамасыз етуші нысандар қатары бұзылып, транспорттық коммуникациялар бүлінді, облыс аудандарындағы елді мекендерді отынмен, ЖЖМ-мен, азық-түлікпен, медикаменттермен және алғашқы қажеттілік заттарымен жабдықтау тоқтатылды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірілді. Сонымен қатар «Дубрава» кемпингі ауданындағы Шаған өзенінде салонында жолаушылары бар жеңіл автомобилі аударылды. Қосымша мәліметтер бойынша салонында үш балықшысы бар автомобиль су қоймасының тұруға болмайтын орнын қиып өтті, соның нәтижесінде ол суға батты.

Барлық арнайы қызметтер қолданған шара барысында төтенше жағдай жойылды, ал зардап шеккен балықшылар құтқарылды, оларға алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетілді.

«Көктем-2018» оқу-жаттығуына облыстағы барлық жеке құрам, 560 адам және 270 бірлік техника тартылды.

БҚО ТЖД-ның мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

DSC_0241 DSC_0004DSC_0023 DSC_0052 DSC_0066DSC_0130 DSC_0132 DSC_0138 DSC_0146 DSC_0160 DSC_0166 DSC_0179 DSC_0233

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале