26.02.2020, 12:35
Оқылды: 57

БҚО-да «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының практикалық бөлімі басталды

  25 және 26 ақпан күндері Орал қаласындағы оқу-жаттығу басшылығы штабымен «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті.

totenshe (3)

Командалық-штабтық оқу-жаттығуы АҚМЖ-ның облыстық қосалқы жүйесі басқармасы мен күштері органдарының дайындық мәселесін алдағы уақытта ретке келтіретін екі кезеңнен: аталған жағдайдың мәліметтерін басқаруды, жинауды, қорытуды және талдауды ұйымдастырудан; су тасқыны кезеңіндегі күрделі жағдай салдарын жоюға шешім қабылдаудан, сондай-ақ апаттық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды өткізу кезіндегі өзара іс-әрекет мәселелерінен  тұрады.

Бүгін Батыс Қазақстан облысында «Көктем-2020» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының практикалық бөлімі басталды. Практикалық бөлім басталмас бұрын Тұңғыш Президент атындағы алаңда БҚО әкімінің бірінші орынбасары М.Манкеевтің, БҚО ТЖД бастығы генерал-майор Ж.Жұмашевтың, оқу-шаттығуды басқару штабының бастығы, БҚО ТЖД бастығының орынбасары, подполковник А.Ахметжановтың қатысуымен қалалық құрама жасағын байқау өтті. Байқау барысында облыста жедел жағдайлар туындаған кезде қолданылатын барлық қажетті құрал-жабдықтар мен техникалар көрсетілді.

                              zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале