12.04.2018, 14:50
Оқылды: 41

БҚО-да көктемгі далалық жұмыстарға 547 млн. теңге көлемінде несие беру жоспарланған

Бұл жайлы көктемгі далалық жұмыстарға дайындық барысына арналған брифингте «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ БҚО филиалының директоры Ерлан Нысанғалиев айтты. Биылғы көктемгі далалық жұмыстарына «Кең дала» бағдарламасы бойынша 547 млн. теңге көлемінде несие беру жоспарланған. Бүгінде осы бағдарлама бойынша 17  шаруашылық құрылымынан 474 млн. теңгеге өтініш түскен. Бұл 474 млн. теңгенің 265 млн. теңгесі 10 шаруашылық құрылымға берілген.

- Аграрлық несие корпорациясы облысымыздағы қызметін бастағалы ауылшаруашылығы өнеркәсіп саласына 20 млрд. астам қаржы салған. Филиалдың кредиттік портфелі бүгінде 12 млрд. теңгені құрайды. Жыл сайын көктемгі егістік жұмыстарына бағытталған несие ресурстары мемлекеттік бағдарламалар және корпорацияның өз қаражаты есебінен  бөлініп отырады. Өткен жылы осы көрсетілген мақсатқа 34 ауыл шаруашылық тауар өндірушіге 612 млн. теңге көлемінде несие берілген еді. Ол 100 пайызға өтелді. Биылғы көктемгі далалық жұмыстарына «Кең дала» бағдарламасы бойынша 547 млн. теңге көлемінде несие беру жоспарланған болатын. Бүгінде осы бағдарлама бойынша 17  шаруашылық құрылымынан 474 млн. теңгеге өтініш түсті. Сонымен қатар бұл 474 млн. теңгенің 265 млн. теңгесі 10 шаруашылық құрылымға берілді, - деді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалының директоры Ерлан Нысанғалиев. Сонымен қатар Ерлан Беркінұлы айтып өткендей, егін егу жұмыстарына «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 28 шаруашылықтан 460 млн. теңгеге өтінімдер түсіп отыр. Бүгінде ол қаражаттың 232 млн. теңгесі шаруаларға берілген.

- «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» облыстық филиалы арқылы алынатын несие көлемі жылдан жылға артып келеді. Егер де 2016 жылы 1 млрд теңге несие берілген болса, өткен  жылғы несие  3 млрд. 8 млн. теңге болды. «Егінжай» бағдарламасы арқылы несие 6 млн. теңгеге дейін 3 жыл мерзімге алты пайыздық сыйақымен беріледі, - деді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» БҚО филиалының бөлім басшысы Азамат Ахметов.

Ясипа РАБАЕВА,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале