15.08.2019, 13:09
Оқылды: 218

БҚО-да көп балалы отбасы балаларына бөлінген білім гранттарының иелері анықталды

2019-2020 оқу жылына облыс бойынша көп балалы отбасы және атаулы әлеуметік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларға республикалық бюджет есебінен ЖОО-да білім алу үшін грант беру жөнінде облыстық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы әкімінің жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметі.

WhatsApp Image 2019-08-14 at 20.53.27 (1)

         Мемлекеттік білім гранты негізінде ЖОО-ға түсе алмаған көп балалы және атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған отбасылардың балаларына республикалық бюджет қаражаты есебінен облысқа 100 грант бөлінген еді.

         2019 жылы 31 шілдеде конкурс комиссиясында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті – 35, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті – 30, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университет – 35 грант бөлінген.

WhatsApp Image 2019-08-14 at 20.53.27

         Грантты иелену үшін 93 өтінім түсіп, конкурстық комиссия шешімімен 65 грант иегері анықталды. Осыған байланысты комиссия аймақтың жоғары білімді кадрлардың қажеттілігіне қарай 35 грантты іштей қайта бөлуді жүргізді.

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале