29.03.2020, 17:38
Оқылды: 633

БҚО-да коронавирус анықталғандармен қарым-қатынаста болғандар оқшаулануда

Батыс Қазақстанда вирус жұқтырған екі науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталды. Қазір олардың біразы арнайы провизорлық ауруханаларға жеткізілсе, енді бір бөлігі үйде оқшауланған. Ол туралы онлайн брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев мәлімдеді.

арыспаев

-Бүгін облысымызда коронавирустық инфекция жұқтырған екі адам анықталды. Екеуі де инфекцияны сырттан алып келген. Ауру арнайы лабораториялық тексерістен  кейін анықталды. Бір адам 24 наурыз күні Ресей Федерациясынан келген. Сол күннен бері біз ол науқасты үйде оқшаулап, бақылауымызда ұстадық. 4-5 күннен кейін алғашқы белгілер пайда болды. Қазір провизорлық госпитальға жатқызылды. Сол жерде лабораториялық зерттеу жүргізіліп, коронавирустық инфекция жұқтырғаны анықталды. Екінші жағдай Атырау қаласынан келген азаматшадан анықталып отыр. Ол вирустық аурудың алғашқы белгілері пайда болған бойда провизорлық госпитальға жатқызылды. Қазіргі уақытта екеуі де ауруханаға жатқызылды. Жалпы жағдайлары жақсы. Осы екі адаммен жақын қарым-қатынаста болған адамдар анықталды. Олар да провизорлық госпитальға жатқызылып жатыр. Алыс қарым-қатынаста болған адамдардың тізімі жасақталуда. Қазір оларды үйде оқшаулау жұмыстарын атқарып жатырмыз. Екі жағдай бойынша  эпидемиологтар үй-жайларында дезинфекциялық жұмыстар жүргізеді, -деді облыстың бас санитары М.Арыспаев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале