2.04.2020, 11:58
Оқылды: 112

БҚО-да коронавирус жұқпасымен ем алып жатқан екі адамның жағдайы қанағаттанарлық

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев айтты.

967FB5AE-CB1C-410B-8742-ABBA6AB0DD2D

Өңірдің бас санитариялық дәрігерінің мәлімдеуінше, 2 сәуірдегі жағдай бойынша Батыс Қазақстан облысы аумағында эпидемиологиялық жағдай салыстырмалы түрде тұрақты.
- Бүгінде облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында коронавирус жұқпасымен ем алып жатқан екі пациенттің жағдайы қанағаттанарлық. Коронавирус жұқпасы табылған үйлерге дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Күні бүгін 58 адам стационарлық карантинде. Ал провизарлық емханада 30 адам жатыр. Барлығы 98 адам оқшауландырылған. БҚО тұрғындары арасында коронавирустық жұқпаның таралуына жол бермеу және денсаулығын қорғау мақсатында облысымызда күшейту шаралары жүргізілген болатын. Облыс қазір карантиндік режимге көшті. Облыс орталығы мен аудандар арасында көптеген шектеулер қойылды. Облыс тұрғындарынан шектеу шараларына түсіністікпен қарап, барлық сақтық шараларын сақтауларын сұраймыз, - деді М.Арыспаев.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале