31.05.2020, 23:30
Оқылды: 347

БҚО-да коронавирус жұқпасынан 1 адам көз жұмды

Жұқпадан көз жұмған азамат 1967 жылы туылған Орал қаласының тумасы. «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде вахталық әдіспен жұмыс жасаған.

7bb2ed41b176c38eb3e463f7198

Орал қаласына 03.05.2020 күні автобуспен келіп, коронавирус инфекциясына тексеру және одан әрі оқшаулау мақсатында блокбекеттен карантиндік стационарға жатқызылады. ПТР талдауы теріс нәтиже береді.
Эпидемиологиялық анамнезді ескере отырып, науқаспен байланыста болған адам ретінде анықталып, провизорлық стационарға оқшауланған.

09.05.2020 күні COVID-19-ға талдау алынып, теріс нәтижемен үй оқшаулануына жіберіледі.
10 мамырдан бастап бекітілген емхананың медицина қызметкерлерінің бақылауымен үй карантинінде болады. 10 мамырдан бастап тамақтың қышуы, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі белгілері пайда болғанына қарамастан медициналық көмекке жүгінбеген. Күн сайын қоңырау шалған медицина қызметкерлеріне өз денсаулығы бойынша шағымданбаған.

Кейінгі 9 күн бойы медициналық көмекке жүгінбей, 19 мамыр күні жүріп-тұру кезінде ентігу, төсектен тұра алмай, айқын әлсіздік пайда болған соң,  жедел жәрдем шақыртып, провизорлық стационарға жеткізіледі.
Сол жерде коронавирус жұқпасына талдау алынып, ол оң нәтиже берген. Талдаудың оң нәтижесімен облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізіліп, тыныс алу жетіспеушілігінен туындаған жағдайдың ауырлығына байланысты жедел түрде облыстық жұқпалы аурухананың реанимациялық бөлімшесіне жатқызылады.

Науқас жан сақтау бөлімінде ауыр жағдайда болып, жүргізілген реанимациялық іс-шаралар өз нәтижесін бермеген соң, 30 мамыр күні жүрек және тыныс алу қызметі тоқтаған.
Қайтыс болғаннан кейінгі диагнозы: Короновирус инфекциясы (назофарингиальды жағындының нәтижесі оң, талдаудың шығарылған күні - 22.05.2020ж.), ауыр дәрежелі. Екі жақты полисегментті интерстециалды пневмония, 3-ші дәрежедегі тыныс алу жетіспеушілігі. Қосымша созылмалы аурулары болмаған.

Аталмыш факт COVID-19 вирусы өте қауіпті екенін және оған немқұрайлы қарауға болмайтынын дәлелдейді.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале