25.05.2020, 12:34
Оқылды: 240

БҚО-да коронавирус жұқтырғандар саны 414-ке жетті

Бұл туралы бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған онлайн брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев атап өтті.

IMG-20200525-WA0013

- Бүгінгі күнге дейін облыс бойынша коронавирус жұқпасына қатысты 414 жағдай тіркелді. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 15 жағдай анықталды. Жалпы соңғы екі күнгі көрсеткіш 23 мамырда - 16 жағдай  4,3 пайызды көрсетсе, 24 мамыр күні 28 жағдай  7,3 пайызды көрсетті. 252 жағдай сырттан əкелінген, 162 жағдай қарым-қатынас арқылы жұқтырылған. Денсаулық сақтау саласы бойынша - 64 жағдай, полиция қызметкерлері арасында - 5 жағдай, балабақша қызметі бойынша - 2 жағдай, білім беру бөлімінде - 2 жағдай , оқу орталығында - 2 жағдай , блок өткелде - 1 жағдай , үй аумақтарында - 85 жағдай тіркелді. Барлық жағдай бойынша қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, эпидемиологиялық зерттеу жүргізілуде. Емделіп шыққандар саны - 226. Стационарларда - 242 адам, үй аумағында - 1134 адам оқшаулануда. Бүгіннен бастап БҚО Бас санитарының қаулысымен өңір аумағындағы эпидемиологиялық ахуал ескеріле отырып карантин 15 маусымға дейін ұзартылды. Осы кезге дейін рұқсат берілген мекемелер жұмыстарын жалғастыра береді. Дегенмен Орал қалалық əкімдігі оперативтік штатының шешімімен қала ішіндегі барлық балабақшалар жұмысын тоқтатты. Оған себеп соңғы екі күн ішінде Орал қаласындағы екі балабақшада қызметкерлердің арасынан инфекцияны жұқтыру жағдайының тіркелгендігі. Сонымен бірге облыстағы жергілікті  2, 3, 4, 5-ші емханаларға ем алуға келген науқастардан коронавирус жұқпасының анықталуына байланысты төрт емхананың жұмысы уақытша тоқтатылды. Аталған емханалардың барлығында залалсыздандыру жұмыстары атқарылуда. Дегенмен емханалардағы жедел жəрдем қызметі жұмысын жалғастыра береді. Егерде азаматтарда инфекцияның белгілері білінсе, емханаға бармай-ақ, 103 нөмірі арқылы жедел жəрдем қызметіне бірден жүгіне алады.

Аудандарға тоқталсақ: Ақжайық ауданында - 5 жағдай, Бөрлі ауданында - 7 жағдай, Жəнібек ауданында - 2 жағдай, Бəйтерек ауданында - 5 жағдай, Сырым ауданында - 5 жағдай, Тасқала ауданында - 11 жағдай, Теректі ауданында - 2 жағдай жəне Орал қаласының өзінде 377 жағдай тіркелді. Жəнібек ауданында тіркелген соңғы екі жағдай бойынша арнайы тексеріс жүргізілуде. Аудан бойынша карантиндік шара жарияланады - деп сөзін түйіндеді Нұрлыбек Ермекұлы.

 

Гүлмира Сəрсенғали

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале