31.05.2020, 13:08
Оқылды: 46

БҚО-да коронавирус жұқтырғандар саны 621-ге жетті

Бұл туралы бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялық қызметі ұйымдастырған онлайн брифингте БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев атап өтті.

rsk_zko_20200531_2

- Өткен тəулікте облысымызда жұқпаның жаңа 41 жағдайы тіркелді. Оның 19 жағдайы сырттан əкелінген, 3 жағдай көршілес Ресей Федерациясынан, 16 жағдай Атырау облысынан келген азаматтардан, қалғаны қарым-қатынас арқылы жұқтыру əрекетінен анықталды. Жалпы қазірге дейін инфекцияның 621 жағдайы тіркелді. Оның 50,3 пайызы, яғни 316 жағдай сырттан əкелінген, 48,1 пайызы қарым-қатынас арқылы пайда болған. Жұқпаның күннен күнге өсуінің басты себебі - азаматтардың карантин талабын орындамай қарым-қатынастың жиілігін ұлғайтуынан болып отыр. 285 науқас жұқпадан емделіп шығып, үй оқшаулануына жіберілді. Барлық стационарларда 350, үй оқшаулануында 1200 азамат күнделікті жергілікті медициналық бақылауда қадағалануда. Облыс аудандарында: Ақжайық ауданында - 5, Бөрлі ауданында - 9, Жаңақала ауданында - 2, Жəнібек ауданында - 9, Бəйтерек ауданында - 8, Сырым ауданында - 6, Тасқала ауданында - 25, Теректі ауданында - 16 жағдай тіркелді. Қазіргі уақытта облыста коронавирус инфекциясына қарасты 4 зертхана жұмыс жасауда. Өткен ведомство аралық комиссия шешімін ескере отырып жəне Денсаулық сақтау министірінің үндеуімен жалпы науқастарды емдеу моделі өзгерді. Бұрын коронавирус жұқпасына қатысты шағымы болған науқастарды бірден облыстық жұқпалылар ауруханасына жатқызған болса, бүгінде аурудың бірде-бір белгісі жоқ, қарапайым тексеруді сұраған науқастарды медицина қызметкерлері тексеріп, арнайы ем қолдану қажеттілігі туындаса үй оқшаулануында бақылайтын болады. Ем алушы науқастар жазылып шығып, тексеруден кейін инфекцияның белгісі анықталмаған жағдайда үй оқшаулануына жолданады. Үйге жіберілмес бұрын үй жағдайындағы отбасылық құрам тексеріледі. Ем алушының үйінде зейнеткерлер мен жүктілік жағдайындағы əйелдердің болу, болмауы анықталады.
30 мамырдағы арнайы штабтық қаулының шешімімен 1 маусымнан бастап облыс аумағындағы блокбекеттер алынады. Эпидемиологиялық жағдайы тұрақталғанға дейін Сырым ауданындағы өткізу бекеті, Тасқала ауданы, Қамысты, Борсы елді-мекендеріндегі жəне өзге облыстармен шекаралас 4 өткізу бекеті сақталады - деді Нұрлыбек Ермекұлы.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале