20.04.2019, 17:20
Оқылды: 28

БҚО-да құмай тазылар көрмесі өтті

Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Бәйтерек ауданы Трекин ауылында облыстық құмай тазылар көрмесі өтті.

IMG-20190420-WA0064

Ұлттық өнер, салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында өткізілген шараны өңіріміздегі дәстүрлі аңшылықтың насихатшылары, тазы сүйер еріктілер бірлесе ұйымдастырған.

-Қазақтың жеті қазынасының ішінен ойып тұрып орын алған тазыны қастерлеу және оны болашақта қазақы атауымен патенттеу мақсатында өткізілгелі тұрған шараға баршаңыз да қош келдіңіздер. Бүгінгі көрмеге әкелінген тазылардың түр-тұлғасы мен дене бітімін бағалау мақсатында Қостанай облысы, Рудный қаласынан халықаралық дәрежедегі эксперт, Ирина Иванованы арнайы шақырдық, - деді шараның ашылу салтанатында сөз алған Орал қаласында тұратын тазы жанашырларының бірі Ерлан Ермеғали.

IMG-20190420-WA0062

Көрменің салтанатты ашылуында жас өрендер ұлттық нақыштағы ән мен биден шашу шашты. Шара барысында байқаудан өткізілген барлығы 26 тазының 23-і эксперттің бағалауынша қазақы құмай тазының бекітілген стандартына сай болып шықты.

Нұртас Сафуллин,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале