15.05.2019, 16:50
Оқылды: 42

БҚО-да Құран оқу жарысы өтті

Бүгін Тәжиден Батырұлы мешітінің ұйытқы болуымен «Рамазан – Құран түскен ай» атты облыстық құранды жатқа және мәнерлеп оқу жарысы өтті.

 quran (4)

Дәстүрлі өтетін байқауға биыл 30-дан астам өтініш қабылданған. Жарыста бағын сынағандардың дені жасөспірімдер.

Құран Кәрімді жүрегіне қондырып, асыл сөздерін оқып, жаттаған үміткерлерге ҚМБД-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов, Қырғыз елінен келген қари Алижон Сатторов, Орал қалалық Тәжиден Батырұлы мешітінің наиб имамы Ерлан Кенжин  қазылық етті.

Жарысқа арнайы талаптар қойылды. Қатысушылар Құран Кәрімнің 30 парасынан қазылар ұсынған сүрені жатқа айтты.

Сонымен Құран оқудан бас жүлде – Ұмра қажылығына жолдама 13 жасар оралдық Омар Мұханғалиевке бұйырды. Бірінші және екінші орынға да оралдық Жәрдем Абдурахман (100 000 теңге) мен Саид Қайратұлы (70 000 теңге) ие болды. Ал үшінші орынға сырымдық Рафқат Қайыржан (50 000 теңге) лайық болды. Тағы 10 қатысушыға ақшалай ынталандыру берілді.

Орал қаласындағы

Тәжиден Батырұлы мешітінің баспасөз қызметі

quran (1) quran (2) quran (5) quran (6)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале