2020 жылдың 24-26 қантар күндері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Батыс Қазақстан облысында құсбегілер арасында «Жайық қыраны - 2020» атты республикалық турнирі өтеді.
Турнир Батыс Қазақстан облысында екінші рет өткізілмек. Жарысқа 13 облыстан 35-40 шақты құсбегі қатысады деп жоспарланған.
Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар облыстары және Батыс Қазақстан облысының командалары жарысқа қатысуға ұсыныс білдірген. Аталмыш шараға облыс тұрғындары да үлкен қызығушылық танытуда. Турнирді тамашалауға 1000-ға жуық адам қатысады деп күтілуде.
Құсбегілер жарысы Теректі ауданының Сарыөмір ауылында өтпек.
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер