18.10.2018, 17:09
Оқылды: 75

БҚО-да құтқарушылардың кәсіби мерекесі аталып өтілді

ҚР Тұңғыш Президенті алаңында Құтқарушылар күніне орай мерекелік шара өтті.

rtj (1)

Шараны өрт сөндірушілер флешмобпен ашып, ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ бастығы Н.Селимов мерекелік лебізін білдірді. Ол ел тыныштығы мен әр отбасының аман болуын тіледі. Адамзаттың өмірін түрлі апаттан арашалап, сын сәтте қажырлылық пен қайсарлық танытып жүрген құтқарушылар өнерден де құр алақан еместіктерін көрсетіп, көрермен назарына концерттік бағдарлама ұсынды.

Мерекелік шара өрт сөндіру және авариялық құтқару автокөліктерінің көрсетіліміне ұласты. Сондай-ақ ҚР Көкшетау техникалық институтына талапкерлерді шақыру мақсатында насихат жұмыстары жүргізілді.

Ясипа РАБАЕВА,

zhaikpress.kz

rtj (2) rtj (3)

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале