13.10.2017, 14:43
Оқылды: 57

БҚО-да латын графикасына қатысты сауалнама жүргізілді

Облыстық  тілдерді дамыту басқармасы «Мемлекеттік тілдің  латын графикасындағы әліпбидің  бірыңғай  стандарты жөніндегі  парламенттік тыңдаудың шешімін қолдау»  мақсатында блиц-сауалнама жүргізді.

«Латын графикасы жөнінде не білесіз?» тақырыбындағы ауалнамаға өңір тұрғындары қатысты.

Әлеуметтік желі бойынша ұйымдастырылған сауалнамаға 1764 адам қамтылды. Олардың  83,6% латын графикасы турасындағы  ақпаратпен  жақсы  таныс екендігін,  осы  мәселеге  қатысты  үнемі оң  пікірлерін  білдіріп  жүретіндігін  атап  көрсетті. Ал 17,4% тілдік қажеттілік деп түсінеді. Ал 0,1% латын әліпбиіне көшуге әлі ерте деген пікірде.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале