29.07.2019, 14:30
Оқылды: 508

БҚО-да мал ұрлығына қатысы бар тағы бір топ құрықталды

Ағымдағы жылдың шілде айында жедел-іздестіру іс-шарасы барысында полиция департаменті мен Бәйтерек ауданының полиция бөлімінің қызметкерлері БҚО аудандарының аумағында 6 мал ұрлығына қатысы бар қылмыстық топ құрықталды. Осы қылмысқа байланысты Бәйтерек ауданында 2, Бөрлі ауданында 3 және Тасқала ауданының аумағында 1 факт тіркелді.

mal urlygy

БҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұрланған 13 бас малдың 8-і қой, 3-уі ірі қара және 2-уі жылқы болып шыққан. Ұсталған күдіктілер - Бәйтерек, Бөрлі және Ақжайық аудандарының тұрғындары.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полиция қызметкерлері үш адамнан біріккен қылмыстық топтың жолын кесті. Олардың Жаңақала және Бөкейордасы аудандарының аумақтарында 13 бас мал ұрлағаны анықталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталуда.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың 28 маусымында Сырым аудандық сотының үкімімен Қаратөбе ауданының аумағында 2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін мал ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісі мен сыбайластары сотталды. Төрт жылдың ішінде өздерінің қылмыстық ниетін жүзеге асыра отырып, олар Қаратөбе ауданының 40 тұрғынынан жалпы саны 26 жылқы мен 118 бас ірі қара малын ұрлап, 27 миллион теңгеден астам залал келтірген.

Ағымдағы жылы арнайы және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында мал ұрлығымен айналысқан 87 адам және 13 қылмыстық топ ұсталды.

Мал ұрлығы - әрбір ауыл тұрғыны үшін үлкен қасірет. Себебі  мал өсіру бірқатар отбасы үшін өмір сүрудің негізгі көзі болып табылады.

Бүгінгі күні ауыл шаруашылығына, соның ішінде мал ұрлаудың алдын алу, жолын кесу және оларды ашу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді.

Көп жағдайда қылмыстық әрекет мал иелерінің немқұрайлылығы және бақташының болмауы салдарынан орын алады. Еркін жайылымда ұзақ уақыт қараусыз қалған мал ұрылар үшін оңай олжа болары анық.

Мәселен, қарастырылып отырған кезеңдегі мал ұрлығының  69%-нда мал далада еркін жайылып жүрген жерінен ұрланған. Өз жануарларын таппай қалған иелері өз бетінше іздеп, бірақ уақыт өткізіп алған соң ғана полицияға өтініш береді. Мұндай жағдайда дереу тәртіп сақшыларына хабарласқан жөн, бұл олардың қылмыстың ізін суытпай ашуына мүмкіндік береді.

Мал ұрлығы қылмысы бойынша Қаратөбе ауданында 22 шілдеде аудан әкімдігі, ауылдық округі әкімдері және БҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы, полиция подполковнигі М.М.Сүгіров пен БҚО ПД криминалдық полиция басқармасының аға жедел уәкілі, полиция капитаны К.М.Маратовтың ұйымдастыруымен Сулыкөл және Саралжын ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізілді.

Кездесудің басты мақсаты – мал ұрлығының алдын алу, оның салдарымен күресу. Ауданда жалпы ауыл шаруашылық саласы басым бағыт болғандықтан, мал ұрлығы өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сол себепті осындай күрделі мәселелердің алдын алу шараларын уақтылы әрі ұдайы жүргізу өте маңызды екендігін тілге тиек еткен полиция подполковнигі М.М.Сүгіров заң талаптары аясында бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Аталған басқосуға аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.А.Хитаров, округ әкімдері, ауыл тұрғындары, жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалығы жетекшілері қатысты.

Облыс аумағында орын алған әрбір мал ұрлығы мен оларды ашу жұмыстары БҚО полиция департаменті басшылығының басты назарында.

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале