22.01.2018, 13:25
Оқылды: 34

БҚО-да «Мамандықтың бәрі жақсы» фестивалі басталды

Бүгін облыстық білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Мамандықтың бәрі жақсы» атты облыстық фестиваль басталды.

Фестивальде аудандардан келген 9-сынып оқушыларына А.Иманов атындағы жол-көлік колледжі, Орал ақпараттық технологиялар колледжі, Батыс Қазақстан индустриалды колледжі, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық және Зеленов колледждері туралы презентация мен бейнетаспалар көрсетілуде. Колледждердің оқытушылары «Жұмысшы мамандық бізде бар, таңдап, талғап, бірін ал», «Кәсіптік білім – келешек кепілі», «Мамандық таңдау – бағытыңды айқындау» тақырыптарында шеберлік сыныптары мен психологиялық тренингтер ұйымдастырып жатыр.

Фестиваль қатысушылары түс қайта Орал қаласындағы бірнеше колледжге саяхаттап, өндірістік шеберханаларды көрмек, инновациялық технологиялармен таныспақ.

Нұртай Текебаев

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале