16.02.2019, 12:32
Оқылды: 16

БҚО-да меценаттар көмегімен мұқтаж адамдарға үй салынуда

БҚО-да демеушілер мен меценаттар көмегімен 166 жоба жасалды. Алда тағы 43 жоба бар. Бұл туралы облыс әкімі Алтай Көлгінов халық алдындағы есептік кездесуінде мәлімдеді.

IMG_1192

-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған бағдарламалар облыста белсенді түрде жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында былтыр 175 мыңға жуық адам қамтылған 350-ден астам маңызды шара өткізілді.

Демеушілер мен меценаттар көмегімен 166 жоба жасалды. Облыс орталығында меценаттар көмегімен ерекше мұқтаж адамдарға арналған құны 200 млн. теңге болатын үй құрылысы жүргізілуде. Жоспарда тағы 43 жоба бар.

«Қазақстанның қасиетті орындары» тізіміне енген облыстағы 7 нысанға жол тартып, инфрақұрылым жақсарту үшін жұмыстар қолға алынуда. Бұл жұмыс жүйелі түрде іске асса ішкі туризм дамып, облысқа келетін туристердің саны артады деп күтілуде, -деді облыс әкімі.

«Қазақстан - 2050» жалпыұлттық қозғалысымен бірге «Crowdsourcing.kz.» жобасы іске асуда. Бүгінгі күні 150-ден астам жоба ұсынылып, дауыс берілді. Ең үздік жобаларды Орал қаласы әкімдігі жүзеге асыратын болады.

Динара Насыр

суретке түсірген Темірболат Тоқмамбетов,

© zhaikpress.kz

IMG_1322

IMG_1344 IMG_1359 IMG_1380

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram каналымыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале