14.06.2019, 19:04
Оқылды: 307

БҚО-да медицина саласының қызметкерлері марапатталды

Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында ҚР медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті.

 MEDICINA (3) - копия

Мерекелік шарада алдымен лэд экран арқылы өңіріміздегі медицина саласының жетістіктері туралы фильм көрсетілді. Аталмыш сала ардагерлерінің есімдері аталып, оларға қошемет жасалды.

-Құрметті денсаулық сақтау саласының ардагерлері, қызметкерлері, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Дені сау ұлттың келешегі кемел. Денсаулықтан асқан байлық жоқ. Өңір тұрғындарының денсаулығын сақтаудағы адал еңбектеріңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін!

MEDICINA (5)

Облысымыз бойынша медицина саласында оң нәтиже бар. Тұрғындардың денсаулығы жақсарып, бала туу көрсеткіші артып келеді. Ал медициналық көмектің өзі қолжетімді әрі сапалы бола түсті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өңірлердің рейтингінде біздің облысымыз топ бастағаны бұл сөзіме дәлел.

Ардақты ақ халатты абзал жандар! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың денсаулығын сақтау мәселесі өзінің жеке бақылауында екенін атап өтті. Өңірімізде медицина саласына мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетілді және ол қолдау алдағы уақытта да жалғасады, - деді шарада құттықтау облыс әкімі Ғали Есқалиев. Ол медицина саласының бірқатар қызметкеріне ҚР Денсаулық сақтау министрінің Бұйрығымен «Еңбек ардагері» белгісін, сондай-ақ өз атынан алғыс хаттар табыстады.

Облыс әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаева сала қызметкерлерін ҚР Денсаулық сақтау министрінің Бұйрығымен «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» және «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерін, ал Орал қаласының әкімі Мұрат Мұқаев өз атынан алғыс хаттармен марапаттады.

MEDICINA (4)

Бұлардан бөлек облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрданат Беркінғали ҚР Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті. Сондай-ақ шара барысында «Үздік жас дәрігер», «Үздік жас медбике» аталымының жеңімпаздары анықталып, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының алғыс хаттары өз иелерін тапты.  Марапатқа ие болғандар қатарында аудан-ауылдардан келген медқызметкерлерде болды. Басқарма басшысынң алғыс хаты БАҚ өкілдеріне де берілді. Олардың арасында әріптесіміз, облыстық «Приуралье» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі Евгения Максимова бар.

Салтанатты шара өңір өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен өрілді.

MEDICINA (2)

Шара соңында Орал қаласындағы медициналық ұйымдардың басшылары мерекелік тосын сый жасады. Сахна төріне көтерілген олар әріптестеріне арнап «Ақ халатты абзал жандар» атты әнді шырқап берді.

MEDICINA (1)

Нұртас Сафуллин,

суретке түсірген Александр Куприенко

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале